Атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалай қалпына келтiруге болады?

    Ақтөбе облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалай қалпына келтiруге болады?

    Жауап

    Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiмдi өткiзiп алған өндiрiп алушы сот актiсiн шығарған сотқа немесе оның орындалатын орны бойынша сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы. Атқарушылық парағының, сот бұйрығының орындауға берiлген мерзiмін өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп таныған жағдайда мерзiм қалпына келтiрiлуi мүмкiн

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтамаларда МТК № (цифрлар) көрсетіледі, бұл нені білдіреді?

    Жауап

    "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 1-бабының 21-1-тармағына сәйкес жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамаларда мекенжай мәтіндік мәнде көрсетілгеннен кейін мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі-МТК) сандық мәнде көрсетіледі, ол "Мекенж...

    Сұрақ

    Жоғалған мүліктің кұжаттарын қалай қалпына келтіруге болады?

    Жауап

    Құқықтық кадастрда тіркеу соның негізінде жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру көрсетілген құжаттың тіркеу ісінде сақталатын көшірмесінен тел...

    Сұрақ

    Техникалық паспортты электронды түрде беру

    Жауап

    Заңнаманы жетілдіру шеңберінде электрондық техникалық паспорт және жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын анықтау туралы қорытынды беру қызметі іске асырылды. Өтініш беру және электрондық техникалық паспорт алу үшін тұрғын...

    Сұрақ

    Мен Ақтөбе қаласында орналасқан пәтерді сатқым келеді, бірақ мен Астана қаласында тұрамын, пәтер сату үшін міндетті түрде Ақтөбе қаласына бару қажет пе?

    Жауап

    Кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтар объектінің орналасқан жеріне қарамастан, елдің кез келген нотариусында жылжымайтын мүлікпен мәміле жасай алады. Осылайша, егер тараптар Астана қаласында болса, ал жылжымайтын мүлік объектісі Ақтөбе қаласында орн...

    Сұрақ

    Қызметті веб портал арқылы қалай алуға болады?

    Жауап

    www.egov.kz сайтына кіріңіз, құқықтық көмек, атқарушылық іс жүргізуді қозғау, бұдан әрі- Қызметке онлайн тапсырыс беру, «Сот кабинетінде» авторизациялау қажет, арыздың электрондық нысанын толтырыңыз, арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз, оған ЭЦҚ қол қойып жіберіңіз.

    Сұрақ

    Атқарушылық құжатты орындауға қайда ұсынуға болады?

    Жауап

    Аумақтық әділет органына, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, жеке сот орындаушыларына және электрондық үкіметтің www.egov.kz веб портал арқылы бере аласыз.