Мемлекеттік қызметке кіру кезеңдерінің бірі мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері өткізетін мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу үш бағдарламаның бірі бойынша өткізіледі.
Тестілеуге қатысу үшін азамат күні мен уақытын таңдап, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-қа жүгіну арқылы өтініш береді.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің нәтижесін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес алған азаматқа тестілеуден өткені туралы сертификат беріледі, ол тестілеуден өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды.
Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, теріс нәтиже алған жағдайда, азамат тестілеуден өткен күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кейін қайта тестілеуден өте алады.