Жұмысқа орналасу сұрағы

    "Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

    Сұрақ

    Жұмысқа орналасу сұрағы

    Жауап

    "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда, оның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.

    "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде:1) жеке басын куәландыратын; 2) еңбек қызметін растайтын (бар болса); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы құжаттардың негізінде тікелей тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Он алты жасқа толмаған адам сондай-ақ оның заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.

    Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабарлай отырып, өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

    Сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы арқылы жүгінуге болады, онда бағдарлама шеңберінде оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады, олар: кәсіптік оқытуға жіберу, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберу.

    Сонымен қатар, сіз өзіңіз жұмыс іздеуге мүмкіндігіңіз бар. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылады (www.enbek.kz), оларды пайдалана отырып, сіз жұмыс берушілерден түсетін бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жедел алу мүмкіндігіне ие боласыз.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік нысанын салу үшін немесе шаруа (фермер) қожалығы үшін жерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін беру немесе жалға беру сауда-саттықт (конкурстарда, аукциондарда) арқылы жүзеге асырылады. Сіз аукционға қойылған жер учаскелерінің тізбесімен ozo-karaganda.kz сайтындағы «ақпараттық стен...

    Сұрақ

    Субсидияны қалай алуға болады? (ауыл шаруашылығы)

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органмымен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтары...

    Сұрақ

    Мектепте тегін тамақ және басқа да әлеуметтік көмек кім ала алады?

    Жауап

    ҚР Заңына сәйкес "білім Туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 ақпандағы 2012 жылғы № 255 "қаулысына өзгерістер енгізу Туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 қаңтардағы 2008 жылғы № 64 "қаражатты жұмсау Ережесін бекіту Туралы, бөлінетін қаржылық және материалдық көмек...

    Сұрақ

    Жұмыссыздық туралы анықтаманы қайдан алуға болады?

    Жауап

    Аталмыш анықтаманы халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін ғана алуға болады. «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» «Шахтинск қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. Бұл қызмет «электронд...