Аталмыш анықтаманы халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін ғана алуға болады. «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» «Шахтинск қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. Бұл қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған кезде электрондық түрде көрсетіледі. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1.Порталға кіру egov.kz;
- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» қызметін таңдаңыз;
3.Онлайн қызметке тапсырыс беріңіз және өз ЖСН көрсетіңіз;
4.Анықтамаға қол қою және алу, ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойыңыз.
Сіздің өтініміңізді өңдеу мәртебесін Сіз Жеке кабинетте қадағалай аласыз.