Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді қандай жағдайәда алып тастайды?
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеудіалып тастау мынадай:
Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу
тоқтатылған;
Мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша
берешек болмаған жағдайда;
Атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуібойынша орындалмай қайтарылған жағдайда;
Мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш
берген;
Басшы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып
табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаныңбасшысы ауысқан;
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының
күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.