Қызылорда қаласында туылған, бірақ тұрғылықты жері Алматы қаласы, азамат жұмыс барысымен шетелге шығу үшін туу туралы куәлігіне «Апостиль» мөрін қалай қоюға болады?
ҚР ӘМ 27.05.2020 жылғы №58 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай, нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы біріңғай Қағидаға сәйкес, қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қалауы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде немесе «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы электрондық түрде өтініш береді.
Қызмет беруші Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға экстерриториалдық қағидаты бойынша апостиль қойылады.
Яғни, мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру, тез әрі сапалы көрсету болып табылады. Азаматтарға электронды түрде өтініш берудің тиімділігі 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.