Алғашқы медициналық-санитариялық жәрдем – қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауды қамтымайтын дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық жәрдем:
- аса кеңінен тараған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да шұғыл жағдайларда диагностика және емдеу;
- жұқпалы аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;
- халықты гигиеналық оқыту, сондай-ақ отбасын, ана болуды, әке болуды және балалық шақты қорғау;
- қауіпсіз сумен жабдықтау және халықты тиімді тамақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары.
Азаматтарға бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем – медициналық ұйымды таңдау мүмкіндігімен тіркелген жері бойынша және (немесе) тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі.
1
Egov.kz порталында қызметті қалай алуға болады?
Ол үшін келесілерді жасау қажет:
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
- авторландырылу және сұрау салу.
Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қағаз түрінде (еркін нысанда) тіркелу туралы хабарлама (талон) немесе қызмет көрсетушімен ЭЦҚ қойылған электрондық түрдегі құжат, не болмаса дәлелді негізде тіркеуден бас тарту.
2
Емханада тұрғылықты жері бойынша немесе таңдау бойынша қызметті қалай алуға болады?
Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- еркін нысандағы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) немесе туу туралы куәлік.
Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіркеу.
3
Басқа емханаға қалай тіркелуге болады?
Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- еркін нысанда өтініш жазу;
- жеке куәлігін (16 жасқа дейінгі балалар үшін туу туралы куәлік) ұсыну;
- ата-анасының біреуінің немесе заңды қамқоршысының жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған тұлғалар үшін).
Ескерту: сіз басқа емханаға келесі тәртіппен тіркеле аласыз:
- азаматтың жылына бір реттен жиі емес медициналық ұйымдарды еркін таңдауымен;
- тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс немесе оқу орны өзгерген кезде;
- емхана қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
- емханаларға тұрғындарды тіркеу бойынша жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізілетін науқан кезінде.