Құрылыс нысандарын салу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу керек

    Түркістан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Құрылыс нысандарын салу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу керек

    Жауап

    Құрылыс нысандарын салу үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (Бұдан әрі – Заң) талаптары сақталу қажет.

    Заңның 12-бабына сәйкес меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшiн (коммуникацияларды жүргiзу, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлудi, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып жүзеге асыра алады.

    Заңының 68-бабына сәйкес құрылыс процесiнiң тиiстi кезеңдерiнде келесі рәсiмдер орындалуға және талаптар сақталуға тиiс:

    - Объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Тапсырыс берушінің жерге тиісті құқығы және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес функционалдық аймағы болған жағдайда, объект құрылысы үшін аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан қосымша шешім алу талап етілмейді. Объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жерде ғана жол беріледі;

    - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жерге тиiстi құқық беру туралы шешiм, инженерлiк қамтамасыз ету және коммуналдық қызмет көрсету көздерiне қосу үшін техникалық шарттарды жобалаудың бекiтiлген тапсырмасы және басқа да бастапқы материалдар (деректер) негiзiнде тапсырыс берушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруі тиіс;

    - жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келiсуден, ведомстводан тыс кешендi сараптамадан және бекiтуден өтуі тиіс;

    - құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жер телімін алу

    Жауап

    Жер телімін алуға өтініш беру Жер телімін алуға өтінішті сіз egov.kz порталына бере аласыз. 1 САТЫ Сізге төмендегілерді орындау қажет: белгіленген нысанда өтініш бересіз; өтінішке жер телімін орналастыру сызбасының электронды көшірмесін бекітесіз. 3 жұмыс күні ішінде сіз жер телі...

    Сұрақ

    Емханаға қалай есепке тұруға болады (емханаға тіркелу)

    Жауап

    Алғашқы медициналық-санитариялық жәрдем – қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауды қамтымайтын дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық жәрдем: аса кеңінен тараған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да шұғы...

    Сұрақ

    Суық су құбырларының жарылу жағдайында кімге жүгінеміз?

    Жауап

    Егер сіз авариялық жағдайдың–суық су немесе қоғамдық аумақтарда кәріз құбырлары жарылуына (көп пәтерлі үйлердің аула аумағы, жолдар және т.б.) куә болып жатсаныз, сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік 109 қызметіне қоңырау шала аласыз. Суық сунемесе кәрі...

    Сұрақ

    Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үйді қалай алуға болады

    Жауап

    Пәтерді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да алу Пәтерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ғы жалдау арқылы Бағдарламалар желісі бойынша осы банкте жинақтау депозиттері бар жас отбасылары меншігіне ала алады. Тұрғын үйді алуға керекті талаптар Егер сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ...