«Дипломмен ауылға» жобасы неліктен шағын қалаларда қолданылмайды?

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» жобасы неліктен шағын қалаларда қолданылмайды?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» салалық Заңы (18-баптың 8-тармағы) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын ғана қолдауға бағытталған.

    Қазіргі уақытта заңнамалық актілердің халқы 10 мың адамнан аз шағын қалалардың мәртебесін өзгерту бөлігіне түзетулер енгізілді. Қалалық елді мекеннің мәртебесі ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда, олардың мамандары бұдан әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары мен тиісті үстемеақылар ала алады.

    Сондай-ақ, қалаларға келетін мамандар үшін Жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерден мамандардың кетуіне және кадр тапшылығының одан әрі ұлғаюына әкелуі мүмкін екенін ескеру қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша құжаттарды қайда тапсыру керек?

    Жауап

    Сізге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, кезекке қою немесе қоймау мәселесін қарау үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) арқылы толық құжаттармен электрондық форм...

    ·
    Сұрақ

    Жеке ұйымдардың қызметкерлеріне (мысалы, ЖШС, ЖК және тб.) көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде шаралар ұсынылуы мүмкін?

    Жауап

    Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қо...

    ·
    Сұрақ

    Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қолдау шараларын алуға мүмкіндігі бар ма?

    Жауап

    2020 жылғы 30 қыркүйекте «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Р...

    ·
    Сұрақ

    Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі не үшін қажет? Егер менің мамандығым бұл тізбеде болмаса, мен әлеуметтік қолдау шараларын ала аламын ба?

    Жауап

    Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады. Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуме...

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қай жылға дейін болады?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуының барлық кезеңінде, әсіресе ауыл жастары арасында өзектілігін жоғалтпай отыр. Сонымен бірге, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жобаны іске асыру мерзі...

    ·
    Сұрақ

    Өтінімді қарау және жеңілдікті кредит беру мерзімі қандай?

    Жауап

    Өзектендірілген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері әкімшіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 6 жұмыс күнін құрайды. (Бұрын көтерме жәрдемақы төлеу – 27 жұмыс күні ішінде, тұрғын үйге бюджеттік кредит төлеу – 47 жұмыс күні ішінде болған).

    ·
    Сұрақ

    Егер жеңілдікті кредит алған адам ауылдан 3 жылдан ерте кетуді шешсе, ол нені төлеуге/орындауға міндетті?

    Жауап

    Бұл мәселе әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған Келісімге сәйкес шешіледі. Өндірістік жағдайларға байланысты немесе әкімшіліктің (әкімдіктің) бастамасы бойынша үш жыл мерзім өткенге дейін басқа ауылдық елді мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекен...

    ·