Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қолдау шараларын алуға мүмкіндігі бар ма?
2020 жылғы 30 қыркүйекте «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданды.
Көрсетілген Қағидаларға сәйкес 2020 жылғы 17 қазаннан (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң) кейін жұмысқа орналасқан ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері әлеуметтік қолдау шараларын алуға құқылы.