Камералдық бақылау хабарламасын алған кезде не істеу қажет?

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Камералдық бақылау хабарламасын алған кезде не істеу қажет?

    Жауап

    Хабарламада көрсетілген сәйкессіздіктерді тексеру қажет. Егер олар расталса, сәйкессіздіктерді жойып, қажет болған жағдайда қосымша салық есептілігін ұсыну керек. Салық төлеуші анықталған сәйкессіздіктермен келіспеген жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсіндірме ұсынуға құқылы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік декларацияға қандай жағдайларда түзетулер енгізіледі?

    Жауап

    Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер немесе толықтырулар тауарлар шығарылғаннан кейін ЕАЭО кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен енгізілуі мүмкін. Мұндай қажеттілік, мысалы, тауардың сыныптамасына, кедендік құнына, шығу тегіне н...

    Сұрақ

    Салық төлеуші салық берешегінің бар-жоғын қалай тексере алады?

    Жауап

    Салық берешегінің бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталы, Салық төлеушінің кабинеті, eGov порталы мен мобильді қосымшасы, сондай-ақ тиісті қызметті ұсынатын екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.

    Сұрақ

    Салық берешегін төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін алуға бола ма?

    Жауап

    Иә. Негіздер болған жағдайда салық төлеуші салық міндеттемесін орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу түрінде өзгертуге өтініш беруге құқылы. Шешім Салық кодексінің талаптары, берешек сомасы, кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімі және көзделген жағдайларда қамта...

    Сұрақ

    Артық төленген салық сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу қандай мерзімде жүзеге асырылады?

    Жауап

    2026 жылдан бастап артық төленген (өндіріп алынған) салықтар, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдар сомаларын есепке жатқызу және қайтару салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Егер заңнамада өзге мерзім көзделмесе, тиісті салықтық өтінішті қарау және оры...

    Сұрақ

    Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде қандай негізгі талаптарды сақтау қажет?

    Жауап

    Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау қажет. Көзделген жағдайларда әкелу кедендік баждары мен салықтарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-а...

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатылуы мүмкін?

    Жауап

    Электрондық шот-фактураларды жазып беру салық заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде салықтық әкімшілендірудің жекелеген шараларын қолдану кезінде шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Оның себебін анықтау үшін мемлекеттік кірістер органдары жіберген хабарламалар мен ақпара...

    Сұрақ

    Салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаса не болады?

    Жауап

    2026 жылдан бастап Салық кодексінде көзделген жағдайларда нөлдік көрсеткіштері бар салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру тетігі қолданылады. Бұл ретте салық төлеуші нақты салық міндеттемелерін дұрыс көрсету міндетінен босатылмайды.

    Сұрақ

    ҚҚС бойынша камералдық бақылау қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Мемлекеттік кірістер органдары электрондық шот-фактуралардағы мәліметтерді 300.00 нысаны бойынша ҚҚС декларациясының деректерімен және басқа да ақпарат көздерімен салыстырады. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда салық төлеушіге тиісті хабарлама жіберілуі мүмкін.