Қашан газ біздің ауылға тартылатын болады?
Министрлік 003 «Газ тасымалдау жүйесін дамытуға облыс бюджетіне, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджетіне арналған нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып табылады және бюджеттік заңнама шеңберінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің газбен жабдықтау жобаларын қаржыландыруға арналған бюджет өтінімдерін қарастырады және оны республикалық бюджет комиссиясына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді. Бұл ретте Әкімдікпен Министрлікке бюджеттік өтінім ұсынылған жағдайда, Министрлік аталған жобаны қаржыландыру мәселесін бюджеттік заңнама шеңберінде қарауға және оны республикалық бюджеттік комиссияға шығару үшін ҚР Қаржы министрлігіне жолдауға дайын екенін хабарлайды.