Ескі үлгідегі электр есептегішін ауыстыру үшін қайда барамын? Ауыстыру құнын кім төлеуі тиіс?
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы № 143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларының 41-тармағына сәйкес электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын ауыстыру шығындары техникалық шарттармен бірге берілген теңгерімдік тиесілік актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осылайша, егер электр есептегіш энергия беруші ұйымның теңгерімінде болса, ауыстыруды энергия беруші ұйым жүзеге асырады; егер электр есептегіш тұтынушының теңгерімінде болса, ауыстыруды тұтынушы жүзеге асырады.
Осыған байланысты, электр есептегішті ауыстыру үшін тұтынушы желілеріне қосылған энергия беруші ұйымға немесе қызметтің осындай қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйымға еркін нысанда өтініш беріп жүгіну қажет