«Көшеге немесе елді мекеннің құрамдас бөлігіне тірі адамның есімін беруге бола ма?»
Жоқ. Сонымен қатар ономастика жұмысының жалпы өлшемшарттарына сәйкес, адамның есімін беру қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң қаралады. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, көшелерге және басқа да географиялық нысандарға атау беру кезінде тарихи тұлғалардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет және қоғамдық өмірге ерекше үлес қосқан адамдардың есімдері беріледі. Көп жағдайда мұндай атаулар адамның қайтыс болғанынан кейін ғана қаралады. Себебі оның қоғам алдындағы еңбегі уақыт өте тарихи тұрғыдан бағаланады.