Абай облысы Үржар ауданы Шолпан ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Үржар ауданы Шолпан ауылдық округі әкімінің аппараты ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЖақында

    Тәуелсіздік күні құтты болсын!

    Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз. Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды. Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

    16 желтоқсан 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғыны (вендинг аппаратын) орналастыру үшін рұқсатты қайдан алуға болады?

    Жауап

    Тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғыны (вендинг аппаратын) орналастыру үшін кәсіпкер орналастыру орнына байланысты тиісті рұқсат немесе келісім алуы қажет. Егер вендинг аппараты мемлекеттік жер учаскесінде, көше бойында, саябақта немесе басқа да қоғамдық орындарда орналастырылатын болса, кәсіпкер жергілікті атқарушы органға (қала, аудан, ауыл әкімдігіне) өтініш береді. Уәкілетті орган ұсынылған орынның сауда объектілерін орналастыру талаптарына сәйкестігін қарап, тиісті шешім қабылдайды. Егер вендинг аппараты жеке меншік ғимаратта немесе сауда орталығында орналастырылатын болса, ғимарат иесінің немесе әкімшілігінің келісімін алу қажет. . https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z040000544_#z13

    ·
    Сұрақ

    «Қаладан ауылға» бағдарламасына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    «Қаладан ауылға» – ауылдық аумақтарға қоныс аударуды ынталандыруға бағытталған жоба. Бағдарламаға қатысу үшін азамат қоныстанатын өңірді таңдап, әкімдікке немесе жауапты органға өтініш береді, құжаттарын тапсырады және белгіленген тәртіппен қоныстандыру рәсімінен өтеді. . https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1100000477#z480

    ·
    Сұрақ

    Жер телімінің кадастрлық құның қалай білуге болады?

    Жауап

    Жер учаскесінің кадастрлық құнын Қазақстанда бірнеше тәсілмен білуге болады. Электрондық үкімет порталы арқылы eGov.kz Алгоритм: eGov.kz порталына кіріңіз Жүйеге кіріңіз (ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы) «Жылжымайтын мүлік» бөлімін таңдаңыз Қызметті таңдаңыз: «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық құны туралы мәлімет алу» Келесі деректерді енгізіңіз: кадастрлық нөмір немесе жер учаскесінің мекенжайы Сұраныс жіберіңіз Нәтижені жеке кабинеттен аласыз (әдетте бірден немесе 1 жұмыс күні ішінде) Кадастрлық карта арқылы Қазақстанның жария кадастрлық картасы Алгоритм: Кадастрлық картаны ашыңыз Кадастрлық нөмірді енгізіңіз немесе картадан учаскені табыңыз Учаскені басыңыз Ақпаратта келесілер көрсетіледі: кадастрлық құны, ауданы, мақсатты пайдалану Кей жағдайда құны шықпауы мүмкін — онда eGov қолданған дұрыс ХҚКО арқылы (офлайн) Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Алгоритм: Жақын жердегі ХҚКО-ға барыңыз Өзіңізбен бірге алыңыз: жеке куәлік кадастрлық нөмір немесе мекенжай Өтініш беріңіз Анықтаманы аласыз (сол күні немесе 3 жұмыс күні ішінде) Жер қатынастары бөлімі арқылы Аудан немесе қала әкімдігінің жер қатынастары бөліміне жүгінуге болады. Мысалы: Бастапқы деректер: Мекенжай: Абай облысы, Үржар ауданы, Нуалы ауылы Кадастрлық нөмір: 05-123-456-789 Қадамдар:eGov.kz порталына кіреміз, тіркеуден өтеміз, қажетті қызметті таңдаймыз Кадастрлық нөмірді енгіземіз Нәтижені аламыз Нәтиже (мысал): Кадастрлық құны: 2 450 000 теңге Ауданы: 0,10 га Мақсаты: жеке тұрғын үй құрылысы Маңызды Кадастрлық құнды мемлекет белгілейді Ол мына мақсаттарда қолданылады: салық есептеу, жерді сатып алу, жалға беру Нарықтық бағадан өзгеше болуы мүмкін . http://adilet.zan.kz /rus/docs/K030000442_#z12

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік туды үйде немесе жекеменшік кәсіпорында ілуге болады ма?

    Жауап

    Иә. Заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік Туды еркін пайдалана алады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін. Соның ішінде: дүкендерде, сауда орындарында, кеңселерде, жеке ғимараттарда ілуге рұқсат етіледі. Бұл патриоттық және құрмет белгісі ретінде қарастырылады. . http://10.61.42.188/rus/docs/Z070000258_#z7

    ·
    Сұрақ

    Құрылыс немесе жер қазу жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылған жағдайда нестеу қажет?

    Жауап

    Тарихи, ғылыми, көркемдік және мәдени құндылығы бар нысандар табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды одан әрі жүргізуді тоқтата тұруға және үш жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарына хабарлауға міндетті. https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1900000288#z205

    ·
    Сұрақ

    Жұмыс беруші қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті ме?

    Жауап

    Иә, жұмыс беруші қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші: жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге; қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама және оқыту жүргізуге; жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге; жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізуге; медициналық тексеруден немесе нұсқамадан өтпеген тұлғаларды жұмысқа жібермеуге; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және есепке алуға міндетті. Қызметкер өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы. . http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000414#z181

    ·