Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарына объектінің сәйкестігі туралы декларацияны келісу деген не?
Сәйкестік туралы декларация –жобалық құжаттамаға және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес салынған нысанның сәйкестігін растайтын құжат. Құрылыс объектісінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкестігі туралы декларацияларды келісу ғимаратқа кедергісіз кіруді (пандустың, көтергіш құрылғының болуы), объект ішінде қолжетімді қозғалыс жолдарын, бейімделген санитариялық - гигиеналық үй-жайларды, сондай-ақ мүгедектіктің әртүрлі түрлері бар адамдардың және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарының қызметтерді алуы үшін жағдайларды қамтитын әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеруді көздейді.