Жер учаскесіне жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес рәсімделеді. Жеке меншік құқығы мемлекеттік органның шешімі, азаматтық-құқықтық мәміле (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және т.б.), мұрагерлік немесе заңнамада көзделген өзге де негіздер бойынша туындайды. Жер учаскесіне жеке меншік құқығын рәсімдеу үшін өтініш беруші жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (eGov.kz) арқылы жер учаскесін жеке меншікке беру туралы өтініш береді. Өтінішке мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттар, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжат және заңнамада көзделген жағдайларда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны туралы актінің көшірмесі қоса беріледі.Өтінішті қарау нәтижесі бойынша жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешім қабылданады немесе заңнамада көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту беріледі.