Кәсіпкерлерге әкімшілік тарапынан қандай қолдаулар бар?
Жыл сайын жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қала әкімінің гранты конкурсы өтеді. Конкурсқа 21-35 жас аралығындағы жастар өз бизнес жобасын ұсына отырып қатыса алады. Сонымен қатар бизнес бастауға «Жексенбілік бизнес мектебі» жобасы аясында қаламыздың тұрғындары өз бизнесін құруды қалай бастау керектігі жөнінде семинар тренинг өткізіледі.