Қазақстан Республикасының «Жылумен жабдықтау туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлерде жылумен жабдықтау сапасына жауапкершілік олардың жауапкершілік аймағына қарай жылумен жабдықтаушы ұйым мен басқарушы компания (КСК, ОСИ) арасында бөлінеді.
Жылумен жабдықтаушы ұйым, әдетте көппәтерлі тұрғын үйге кіреберісіне дейінгі баланстық тиесілілік шекарасына дейін жылу энергиясын сенімді және үздіксіз жеткізуге жауапты. Оның міндеттеріне жылутасымалдағыштың белгіленген параметрлерін (температурасы, қысымы) қамтамасыз ету, жылу беру кестелерін сақтау және сыртқы жылу желілерін тиісті деңгейде пайдалану кіреді.
Өз кезегінде, басқарушы компания (КСК, ОСИ) жылу жүйесінің үйішілік инженерлік желілерінің техникалық жай-күйі мен олардың ақаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Оған стояктар, тарату құбырлары, жабу-реттеу арматурасы, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындардағы жылу беру аспаптары жатады. Пәтерлердегі жылумен жабдықтаудың нақты сапасы көп жағдайда үйішілік желілердің жай-күйіне байланысты.
Осылайша, жылумен жабдықтауда проблемалар туындаған жағдайда (температураның жеткіліксіздігі, жылудың біркелкі таралмауы, жүйенің ауалануы) жауапты тарапты айқындау жылумен жабдықтау жүйесінің қай учаскесінде бұзушылық орын алғанына қарай жүзеге асырылады. Бұл кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылу үшін төлемді қайта есептеуге негіз болып табылады.
Мақсаты: көппәтерлі тұрғын үйлерде жылумен жабдықтау сапасына жауапкершілікті жылумен жабдықтаушы ұйым мен басқарушы компания арасында нақты бөлу.