Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері?

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері?

    Жауап

    «Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданда кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту жөніндегі саясатты жүргізу.

    1. Міндеттері:

    1) кәсіпкерлік дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету;

    2) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізу;

    3) сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметін үйлестіру;

    4) ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын және оны іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;

    5) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

    1. Функциялары:

    1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;

    2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

    3) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізу;

    4) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету;

    5) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

    6) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

    7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

    шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

    9) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;

    10) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;

    11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;

    12) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    13) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру;

    14) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

    15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

    1. Құқықтары мен міндеттері:

    Құқықтары:

    1) кәсіпкерліктің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, несие және грант алуға кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету;

    2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

    3) мүдделі органдармен келісе отырып, уақытша жұмысшы топтар құрылуына ықпал ету, үйлестіру, ғылыми-техникалық және сараптамалық комиссиялар, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері дамуының, сауда қызметтерінің проблемалары жөнінде кеңес-семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілуін ұйымдастыру;

    4) кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау стратегиясын жүзеге асыру;

    5) бөлім қызметі мәселелері бойынша аудан басшылығының және аудан әкімдігінің отырыстарының қарауына ұсыныстар енгізу;

    6) аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;

    7) бөлім мұқтаждығына қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жасау үшін конкурстар ұйымдастыру;

    меншік нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан ауданда кәсіпкерлік пен сауда қызметтерін дамыту мәселері бойынша кәсіпорындар қызметіне талдау жасау және мониторинг жүргізу;

    9) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі және облыс әкімдігі, аудан әкімі және аудан әкімдігінің актілерін орындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

    10) меншік нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан, кәсіпкерлік кәсіпорындарынан және сауда қызметтерінен қажетті ақпарат сұрау және алу.

    Міндеттері:

    1) жеке және заңды тұлғалардың «Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

    2) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

    3) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

    4) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

    5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді мен жүзеге асырады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Менің отбасымдағы бір мүшені еске алуға арналған ат бәйгесінен спорттық жарыс өткізейін деп едім. Сіздер бөлім тарапыныздан қандай көмек болады?

    Жауап

    Ең алдымен ат бәйгесін өткізу бойынша Арал ауданы әкімдігіне рұқсат алу жөнінде өтініш жолданады. Рұқсат берілген жағдайда, Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі жарысты ұйымдастыруға қатысты жоспарлау, үйлестіру және өткізу жұмыстарына қолдау көрсететін болады

    ·
    Сұрақ

    Мен біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санатын алу жөнінде өтінішімді қайда барып тапсырамын?

    Жауап

    «Біліктілік санатын алу үшін өтінішіңізді Арал қаласы, Қарасақал Ерімбет көшесі №67 мекенжайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету» орталығы департаментінің Арал аудандық бөліміне барып тапсыра аласыз. Сондай-ақ өтініш беру мүмкіндігі Egov Mobile қосымшасы арқылы да қарастырылға...

    ·
    Сұрақ

    Мен біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санатын алайын деп едім, қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: Тізілімге енгізілген спорт түрлері бойынша "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман...

    ·
    Сұрақ

    Өңірлік «Тарихи тұлғалар» тізіміне қандай тұлғалардың есімдерін енгізуге ұсынуға болады?

    Жауап

    облыс, қала, аудандардың «Құрметті азаматы» атағының иегерлері; - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңның 11-бабына сай Қазақстан Республикасының ордендерiнің иегерлері; - аймақтың дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар, сондай-ақ ерекше ең...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлік бөлімі тарапынан азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілеме?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар сұранысы жоғары азық-түлік тауарларымен азық-түлік емес тауарлардың мұнай өнімдерінің бағасын күнделікті мониторинг жүргізу, олардың бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар апталық, тоқсандық мерзімде жүргізіліп тұрады

    ·
    Сұрақ

    Несие алу үшін қандай шарттар басты болып табылады?

    Жауап

    Бөлімге келіп кәсіп ашу бойынша ақпарат сұраған жеке кәсіпкер және жеке тұлғаға басты шартының қажет ететін несие тарихы таза яғни, ешқандай несие бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткізіп алған күндері болмау немесе жеке кәсіпкерлік счеттары ашық болуы және кепіл мүліктің құжаттар...

    ·