Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту үшін қандай құжаттар талап етіледі?

    ·
    Сұрақ

    Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту үшін қандай құжаттар талап етіледі?

    Жауап

    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) шетелдік пен жұмыс беруші қол қойған еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш (өтініштің көшірмесі беріледі);

    2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек

    3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат;

    4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама);

    5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру;

    6) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім.

    Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін:

    1) жұмыс беруші мен шетелдік қол қойған еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш;

    2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (сканерленгеннен кейін қызметті алушыға қайтарылады);

    3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

    4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру;

    5) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шарты.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Менің отбасымдағы бір мүшені еске алуға арналған ат бәйгесінен спорттық жарыс өткізейін деп едім. Сіздер бөлім тарапыныздан қандай көмек болады?

    Жауап

    Ең алдымен ат бәйгесін өткізу бойынша Арал ауданы әкімдігіне рұқсат алу жөнінде өтініш жолданады. Рұқсат берілген жағдайда, Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі жарысты ұйымдастыруға қатысты жоспарлау, үйлестіру және өткізу жұмыстарына қолдау көрсететін болады

    ·
    Сұрақ

    Мен біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санатын алу жөнінде өтінішімді қайда барып тапсырамын?

    Жауап

    «Біліктілік санатын алу үшін өтінішіңізді Арал қаласы, Қарасақал Ерімбет көшесі №67 мекенжайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету» орталығы департаментінің Арал аудандық бөліміне барып тапсыра аласыз. Сондай-ақ өтініш беру мүмкіндігі Egov Mobile қосымшасы арқылы да қарастырылға...

    ·
    Сұрақ

    Мен біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы біліктілік санатын алайын деп едім, қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: Тізілімге енгізілген спорт түрлері бойынша "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман...

    ·
    Сұрақ

    Өңірлік «Тарихи тұлғалар» тізіміне қандай тұлғалардың есімдерін енгізуге ұсынуға болады?

    Жауап

    облыс, қала, аудандардың «Құрметті азаматы» атағының иегерлері; - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңның 11-бабына сай Қазақстан Республикасының ордендерiнің иегерлері; - аймақтың дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар, сондай-ақ ерекше ең...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлік бөлімі тарапынан азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілеме?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар сұранысы жоғары азық-түлік тауарларымен азық-түлік емес тауарлардың мұнай өнімдерінің бағасын күнделікті мониторинг жүргізу, олардың бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар апталық, тоқсандық мерзімде жүргізіліп тұрады

    ·
    Сұрақ

    Несие алу үшін қандай шарттар басты болып табылады?

    Жауап

    Бөлімге келіп кәсіп ашу бойынша ақпарат сұраған жеке кәсіпкер және жеке тұлғаға басты шартының қажет ететін несие тарихы таза яғни, ешқандай несие бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткізіп алған күндері болмау немесе жеке кәсіпкерлік счеттары ашық болуы және кепіл мүліктің құжаттар...

    ·