«ECO MEKEN» РЕАЛИТИ-ШОУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 10 МЛН ТЕҢГЕГЕ ИЕ БОЛАДЫ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «ECO MEKEN» РЕАЛИТИ-ШОУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 10 МЛН ТЕҢГЕГЕ ИЕ БОЛАДЫ
    КонкурсАяқталды

    «Хабар» Агенттігі « «Оператор «ӨКМ»» ЖШС-мен бірге «ECO MEKEN» жаңа телевизиялық жобасына қатысу үшін ұлттық кастингтың жарияланғандығын хабарлайды.

    «ECO MEKEN» - бұл 16 қатысушы өзінің экологиялық бизнес-жобасын іске асыру үшін сайысқа түсетін реалити-шоу. Әр шығарылымда олар бір уақытта табысты кәсіпкерліктің принциптерін және қоршаған ортаны бұзатын нәрсенің не екендігін және табиғатты қалай құтқаруға болатындығын үйренетін болады.

    Жобаның мақсаты - экологиялық көзқарасты кеңінен насихаттау және басты сыйлық ретінде өзінің экологиялық бизнесін ұйымдастыруға көмектесетін ең перспективалы қатысушыны анықтау.

    Бағдарламаның алғашқы шығарылымы «Хабар» телеарнасында қыркүйек айында, ал соңғы шығарылымы желтоқсан айында көрсетіледі.

    «Жоба ауқымды болады, оны біздің көрермендер жаңа маусымда көре алады. Түсірілім еліміздің барлық аймақтарында өтеді. Жоба жеңімпазы 10 миллион теңге алады. Екінші орынға - 5 миллион және үшінші орынға - 3 миллион теңге. Сондықтан біз барлық қазақстандықтарды жобаға белсенді қатысуға және қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз», - деді «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина жарыстың бастау алғанына арналған баспасөз отырысында.

    Жобаға қатысу үшін 2021 жылдың 24 мамыры мен 3 маусымы аралығында кешкі сағат 18.00-ге дейін қатысушы https://ecomeken.khabar.kz/ веб-сайтына мыналарды қамтитын өтінім жіберуі керек:

    1) қатысуға өтінім анкетасын;

    2) қатысушының jpeg форматындағы фотосуретін;

    3) Сапасы 720р-дан аспайтын, уақыты 1 минутқа дейінгі жобаға қатысуға уәждемесі бар бейне үндеу.

    Жобаға қатысуға түсірілім уақытында жасы 18-ден асқан Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтарға рұқсат беріледі.

    Қосымша ақпарат үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз

    [email protected], 8 (701) 152 07 91

    www.khabar.kz| facebook.com/ KhabarTV | vk.com/ KhabarTV | twitter.com/KhabarTV | Instagram.com. KhabarTV

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    2025 жылғы 18 шілдеде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

    18 шілде 2025 ж.Тікелей
    📍 Кездесу орны: Петропавл қаласы, «С.Мұқанов атындағы кітапхана» Қазақстан Конституциясы көшесі 25.ҚР ЭТРМ
    КездесуАяқталды

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі

    Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстарын басқарудың өзекті мәселелерін талқылау үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиевтің азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен салалық кездесуі өтетінін хабарлайды. Кездесу 2021 ж...

    9 шілде 2021 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі 2021 жылғы 14 маусымда сағат 11.00-де өтеді. Модератор: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абақанов Елдос Нұрболұлы. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларда, мама...

    15 мамыр 2021 ж.Тікелей