
2021 жылғы 12 тамызда сағат 10.00-де Сауда және интеграция министрлігінің 2021 жылғы 1-жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары және 2021 жылдың соңына дейінгі міндеттері туралы алқасы өтеді. Іс-шара министрліктің Facebook және YouTube тікелей трансляциясымен ZOOM арқылы online режимінде өтеді. Алқа бағдарламасы мынадай мәселелерді қарауды көздейді: - Сыртқы сауда және ЕАЭО: 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары; - Шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шаралар туралы; - Ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру; - Сауданы цифрландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы; - ТРМК 2021 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары және 2021 жылдың 2-жартыжылдығына арналған жоспарлары туралы; - ТҚҚК 2021 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмысының қорытындылары және заң шығару қызметін іске асыру туралы; - Электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Анықтама телефоны: 75-06-68, 75-06-43, 75-06-44, 87014737616.