COMTRUX ASTANA 2026 – жаңа халықаралық алаң

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    COMTRUX ASTANA 2026 – жаңа халықаралық алаң
    КөрмеАяқталды

    2026 жылғы 5-7 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында коммерциялық көлік және жол логистикасы шешімдеріне арналған Comtrux Astana халықаралық көрмесі өтеді.

    Көрме Қазақстан Республикасының ішкі нарығын дамытуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және жергіліктендірілген өндірістерді ілгерілетуге бағытталған тиімді іскерлік алаң.

    Экспозиция аясында ішкі нарықта сұранысқа ие өнімдердің кең ауқымы ұсынылады, оның ішінде:

    • коммерциялық көлік (жүк автомобильдері мен автобустар);
    • тіркемелер және кузовтық шешімдер;
    • автопаркті және логистиканы басқарудың цифрлық жүйелері;
    • көлік және қойма инфрақұрылымына арналған шешімдер.

    Көрмеге қатысушылар арасында жергіліктендірілген өндірістер үлесінің жоғары болуы сауда саласын дамытуда ерекше маңызға ие. Бұл:

    • ішкі қосылған құнды арттыруға;
    • өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға;
    • импортқа тәуелділікті төмендетуге;
    • отандық өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға ықпал етеді.

    Көрме өндірушілер, дистрибьюторлар, сауда компаниялары және корпоративтік тапсырыс берушілер арасында тікелей өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде келісімшарттар жасасуға, өткізу арналарының кеңеюіне және бәсекелестік ортаның дамуына ықпал етеді.

    Қатысушылар қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай және басқа да елдердің жетекші салалық компаниялары бар. Eurasian Construction Technology Astana көрмесінің қатар өткізілуі қосымша синергетикалық әсер беріп, іскерлік күн тәртібін кеңейтеді және салааралық келісімдер жасау әлеуетін арттырады.

    Өткен жылдың қорытындысы бойынша көрмелерге Қазақстан, Қытай, Түркия, Ресей және Өзбекстаннан 230 компания қатысып, 100-ден астам B2B кездесу өткізілді. Қол жеткізілген келісімдердің жалпы көлемі 200 млн теңгеден асты .

    Көрмеге қатысу сауда саласындағы ұйымдар, дистрибьюторлар және сатып алу құрылымдары үшін практикалық тұрғыдан қызығушылық тудырады.

    Іс-шараға қатысу үшін: https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=41&utm_source=minerg&utm_medium=minerg&utm_campaign=minenrg

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстанда Toyota RAV4 көліктерінің қауіпсіздік жүйесі тегін тексеріледі

    Toyota Kazakhstan компаниясының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі — «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС 1997–1998 жылдары шығарылған жекелеген Toyota RAV4 автокөліктеріне қатысты ерікті түрде кері қайтарып алу науқанының жүргізілетіні туралы хабарлайды. Науқан аясында жүргізушінің алдыңғы қауіпсіздік жастығының газ гене...

    25 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары және бизнес өкілдері!

    2026 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Нүсіпов Әсет Ильясұлы халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді. Өтетін орны: Петропавл қаласы, Ж.Жабаев көшесі 195, Qyzyljar Creative Center ғимараты, 2-қабат; Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 10:00 - 11:00 ара...

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары және бизнес өкілдері!

    2026 жылдың 13 мамырында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.Өтетін орны: Тараз қ., Arai Plaza БО, Төле би даңғылы, 93а, 1-қабат (конференц-зал)Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 10:00 - 13:00 аралығында өтеді;Азаматтард...

    13 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендін сауда желілерінде ілгерілету» тақырыбында дөңгелек үстел

    ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2026 жылдың 12 мамырында, сағат 15:00-де «EXPO» халықаралық көрме орталығында (Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1) мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, ішкі сауда субъектілері, салалық қауымдастықтар және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанда жасалған» ұлтты...

    12 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары және бизнес өкілдері!

    2026 жылдың 5 мамырда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Кушукова Жанель Сабырқызы халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.Өтетін орны:Ақтөбе облысының әкімдігінің ғимараты, 316-кабинет.Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 12.10-де өтеді;Азаматтарды жеке қабылдауға жазылу...

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары және бизнес өкілдері!

    2026 жылдың 30 сәуіріндеҚазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.Өтетін орны:Маңғыстау облыстық мәслихат ғимараты, ситуациялық орталық;Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 10.00-де өтеді;Азаматтарды жеке қабылдауға жазылу...

    28 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    📢 Хабарландыру

    Осы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік)2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізужоспарланып отыр. Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Министрлік қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегісыбайла...

    8 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    QazTrade 2026 жылға арналған Экспорттық акселерация бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады

    «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасының сауда саясатын дамыту саласындағы ұлттық даму институты және өңделген экспортты қолдау мен ілгерілету бойынша жетекші ұйым ретінде, 2026 жылға арналған Экспорттық акселерация бағдарламасына қазақстандық кәсіпорындардың өтінімдерін қабылдауды баста...

    19 наурыз 2026 ж.Тікелей