Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары үшін аукциондық сауда-саттық

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары үшін аукциондық сауда-саттық
    КонкурсАяқталды

    Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға сәйкес қазіргі уақытта қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары үшін аукциондық сауда-саттықты (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жүргізуде.

    Конкурс Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

    Осылайша, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26 сәуірдегі № 119-п бұйрығымен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша технологияларды іріктеуді жүзеге асыру үшін конкурс өткізу үшін тізбені қалыптастыру мәселелері жөніндегі Комиссия құрылды, оның мүшелері ашық дауыс беру арқылы энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендер тобын айқындау туралы шешім қабылдады. Елді мекендер тобына келесі қалалар кірді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Ақтөбе.

    Толық ақпаратпен, сондай-ақ құжаттарды қабылдау және конкурсқа өтініш берушілерді тіркеу шарттары мен мерзімдерімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында – «Электр энергиясы және қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-да таныса аласыз ( https://www.korem.kz/ ).

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталуы ұйымдастырушының сайтында жарияланатын болады. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 14 мамырдан бастап 2021 жылғы 14 маусымға дейін жүзеге асырылатын болады.

    Аукциондық сауда-саттық өткізу мәселелері бойынша байланысуға жауапты тұлға – Жұмағали Динара (тел.: +7 778 923 31 44, эл.пошта: [email protected] ).

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    2025 жылғы 18 шілдеде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

    18 шілде 2025 ж.Тікелей
    📍 Кездесу орны: Петропавл қаласы, «С.Мұқанов атындағы кітапхана» Қазақстан Конституциясы көшесі 25.ҚР ЭТРМ
    КездесуАяқталды

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі

    Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстарын басқарудың өзекті мәселелерін талқылау үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиевтің азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен салалық кездесуі өтетінін хабарлайды. Кездесу 2021 ж...

    9 шілде 2021 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі 2021 жылғы 14 маусымда сағат 11.00-де өтеді. Модератор: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абақанов Елдос Нұрболұлы. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларда, мама...

    15 мамыр 2021 ж.Тікелей