30 қараша күні тұңғыштар мекенінде «Бес асыл» атты командалық айтыс өтеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған бұл кездесуді Абай облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы ұйымдастырады.
Бұл жолы Абай елі Солтүстік Қазақстан облысының айтыскер ақындарын қарсы алады. Қос өңірдің сөз жүйріктері суырыпсалма өнерде бақ сынайды.
Ақынның мерейін асыратын да, айтыстың көрігін қыздыратын да – көрерменнің ықыласы.
Келіңіздер, ұтқыр ой мен орамды сөз тоғысатын жыр додасын тамашалап, жерлес ақындарымызға қолдау көрсетейік!
Өтетін уақыты: 30 қараша, сағат 14:00
Өтетін орны: Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана