ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВҚА – 80 ЖАС!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВҚА – 80 ЖАС!
    КездесуАяқталды

    Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы-драматург, қоғам қайраткері, баспагер, Абай мұрасын әлемге танытуға зор үлес қосқан Роллан Сейсенбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шараларға шақырамыз!

    Мерейтой аясында 15:00-де Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында қаламгердің жергілікті ақын-жазушылармен кездесуі, 18:00-де Абай театрында жазушының шығармашылығына арналған «Майдан әндері» спектаклі қойылады.

    Тағылымды кешке Қазақстанның Халық әртістері Секен Тұрысбеков, Тлектес Мейрамов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шахимардан Әбілов және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин арнайы қонақ ретінде қатысады.

    📅 15 қазан 2026 жыл
    📍 Семей қаласы

    Әдебиет пен руханият тоғысқан мерейтойлық шараларға куә болыңыздар!

    Ұқсас материалдар

    КөрмеАяқталды

    Киелі Абай елі – Елорда төрінде!

    «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында 1–2 тамыз күндері Астана қаласында «Тұңғыштар мекені – киелі Абай елі» көрме-жәрмеңкесі өтеді. Көрмеде Абай өңірінің ұлттық қолөнері, жергілікті брендтері мен өнімдері, мәдениеті мен шығармашылық жетістіктері, сондай-ақ Abai IT Valley ұсынатын заманауи ІТ жобалар мен жасанд...

    ХабарландыруАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау туралы.

    «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Басқарма басшысы міндетін атқарушының 2026 жылғы 18 маусымдағы № 66 ж/қ «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талд...