Хабарландыру

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қызылордақаласы«КБИ» ауданы – 8 лот бойынша тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс жариялау. 19.11.2026 ж.

    Қысқаша сипаттама

    Қызылордақаласы«КБИ» ауданы – 8 лот бойынша тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурсты жариялайды.

    Ұйымдастырушы:«Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

    Орналасқан жері:Қызылорда қаласы қаласы, Жахаев көшесі №16

    Байланыс телефоны: 8 (7242)26-42-29, [email protected]

    Конкурстық комиссияның хатшысы:ӘзімМухамеджан«Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің»маманы.

    Өтінімдерді қабылдау мекенжайы: Қазақстан Республикасы 120000, Қызылорда қ.,Жахаев көшесі №16, №112 кабинет№

    Өтінімдерді беру мерзімі: 2026 жылғы «19» қарашадан 2026 жылғы «9» желтоқсанға дейін Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін

    Өтінімдерді берудің басталу күні: 2026 жылғы «19» қараша.

    Өтінімдерді берудің аяқталу күні: 2026 жылғы «9» желтоқсан, сағат 09:00

    Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын атап өтеміз.

    Өтінімдер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен (дара кәсіпкерлерден немесе заңды тұлғалардан) қабылданады.

    Әлеуетті қатысушы конкурсқа қатысуға өтінімді конвертте мөрлейді, оның бет жағында әлеуетті қатысушының толық атауы және пошталық мекенжайы (егер ол «кеш» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашылмаған түрде қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурстың атауы, «_______» ауданы, №___ лот, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «Қызылорда қаласының «______» ауданының аумағынанан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс» және «2026 жылғы 9 желтоқсан сағат 11:00-ге дейін ашпаңыз», көрсетілуі тиіс.

    Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурсты ұйымдастырушыға «9» желтоқсан айының сағат 09:00-ге дейін қосқанда, қолма-қол немесе мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы 120000,Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі №16, №112 кабинет, конкурстық комиссияның хатшысы Әзім Мухамеджан, тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып ұсынады.

    Конкурстық құжаттаманы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми сайтынан жүктеуге боладыhttps:www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo?lang=kk(«Құжаттар» бөлімі) немесе Қазақстан Республикасы 120000, Қызылорда қ. Жахаев көшесі №16, №112 кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол алуға болады (өзімен бірге флэш-жинақтағыш болуы керек).

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАМА!

    Арал ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі қосымша хабарламаны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы...

    20 қазан 2026 ж. – 29 қазан 2026 ж.Тікелей
    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Тауарды қайтару мерзімдері

    Тиісті сападағы, яғни қалыпты, бірақ сізге осы немесе басқа себептер бойынша, мысалы, өлшемі, түсі немесе фасоны бойынша ұнамай қалған тауарды қайтару үшін сіз сатушыға 14 күн ішінде жүгінуіңіз қажет. Егер сіз сәйкессіздікті 15 күнде анықтаған болсаңыз, сізге оны ауыстыру мүмкін болмайтындығымен келісуге тура келеді. С...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    "Қызылорда қалалық экономика және қаржы бөлімі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

    "Қызылорда қалалық экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 31 мамырдағы № 69/1 бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мәселелер саласындағы әкімшілік кедергілерге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларға ішкі талдау жүргізіледі. О...

    1 маусым 2026 ж. – 30 маусым 2026 ж.Тікелей