
Арал ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі қосымша хабарламаны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында және орталық уәкілетті органдарының интернет-ресурсында жарияланған.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Арал ауданы, Арал қаласы, М.Мақатаев көшесі № 2 б мекен-жайында орналасқан «Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 20 қазан сағат 900- ден бастап 2026 жылдың 29 қазан сағат 1900- ге дейін қабылданады.
Конкурс өткізілетін орны Арал ауданы, Арал қаласы, Астана көшесі №33 мекен-жайындағы Арал ауданы әкімдігі ғимаратында30 қазан күні сағат 11:00 ден бастап өткізілетіндігін хабарлаймыз.
1) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін - өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстын жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және рәсімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Байланыс телефоны: 8(72433) 4-12-62
«Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурсқа
шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
№ |
Орналасқан жері |
Нысаналы мақсаты |
Жалпы көлемі, гектар |
Оның ішінде |
Берілетін құқық түрі | ||
Жайылымдық |
шабындық |
Басқа алқаптар | |||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Арал ауданы, Сазды ауылдық округі, «Кален» өңірі |
шаруа және фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
600 |
452 |
- |
148 |
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын 15 жыл мерзімге табыстау үшін |
2 |
Арал ауданы, Сазды ауылдық округі, «Найзағұл» өңірі |
шаруа және фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
260 |
196 |
- |
64 |
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын 15 жыл мерзімге табыстау үшін |
3 |
Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округі, «Мергенсай» өңірі |
шаруа және фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
1500 |
1131 |
- |
369 |
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын 15 жыл мерзімге табыстау үшін |
4 |
Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі, «Қарақуыс 4» өңірі |
шаруа және фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
83 |
- |
63 |
20 |
уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға) құқығын 15 жыл мерзімге табыстау үшін |
5 |
Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі, «Қарақуыс 5» өңірі |
шаруа және фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
70 |
- |
53 |
17 |
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын 15 жыл мерзімге табыстау үшін |
Барлығы |
2513 |
1779 |
116 |
618 |
|||