Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі және сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі және сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

    2026 жылғы 13 қарашада Астана қаласының №119 орта мектебінде Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламановтың төрағалығымен білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сайлауға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтті.

    Кеңеске Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінің өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

    Жиында өрт қауіпсіздігі, білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы, күзет қызметі мен кіру режимін ұйымдастыру мәселелері қаралды. Электр желілерінің, өрт дабылы, хабарлау және бейнебақылау жүйелерінің жарамдылығына ерекше назар аударылды. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі білім беру объектілерінде тіркелген өрт фактілері мен анықталған кемшіліктерге тоқталды.

    Сондай-ақ, 2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты сайлау учаскелері орналасқан ұйымдардың дайындығы, қолжетімділігі және қауіпсіздігі талқыланды.

    Кеңес қорытындысы бойынша ұйым басшыларына қауіпсіздік жүйелерін тексеру, анықталған ақауларды жою, қызметкерлерге нұсқама өткізу және эвакуациялық жаттығулар ұйымдастыру тапсырылды. Бұдан бөлек, білім беру объектілерінің жай-күйі паспорттарын дайындау, ғимараттар мен аумақтарды кеміргіштердің бар-жоғына тексеру және қажет болған жағдайда дератизация жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.

    Тапсырмалардың орындалуы Білім басқармасының бақылауына алынды.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы

    Астана қаласының Білім басқармасы білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2026 жылғы 31 тамызда Басқарма басшысы Қасымхан Сенғазыевтің төрағалығымен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйым...

    КездесуАяқталды

    Астана қаласының білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді

    2026 жылғы 30 сәуірде Астана қаласының Білім басқармасы Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің және білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен білім беру объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында терроризмге қарсы қорғалу талаптарын сақтау,...