Астана қаласының білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    2026 жылғы 30 сәуірде Астана қаласының Білім басқармасы Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің және білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен білім беру объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Кеңес барысында терроризмге қарсы қорғалу талаптарын сақтау, өткізу режимін ұйымдастыру, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі, өрт қауіпсіздігі, хабарлау және эвакуациялау жүйелерінің дайындығы, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына қауіпсіздік шараларын күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүргізу және белгіленген талаптардың сақталуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

    Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Астана қаласы Білім басқармасының тұрақты бақылауында.

    Білім беру ұйымдарының өмір тіршілігін қамтамасыз ету

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі және сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

    Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі және сайлауға дайындық мәселелері талқыланды 2026 жылғы 13 қарашада Астана қаласының №119 орта мектебінде Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламановтың төрағалығымен білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сайлауға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өт...

    КездесуАяқталды

    Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы

    Астана қаласының Білім басқармасы білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2026 жылғы 31 тамызда Басқарма басшысы Қасымхан Сенғазыевтің төрағалығымен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйым...