Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің экономикасын дамытуда, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда және халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша маңызға ие. Кәсіби біліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында Жітіқара ауданының аграрлық саласы тұрақты дамып келеді.
Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу және отандық өнімдерді қайта өңдеуді дамыту – еліміздің алдағы өркендеуінің маңызды бағыттары деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында туған өлкенің гүлденуі мен өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген әрбір азаматтың еңбегін ерекше атап өткен жөн.
Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Қамбаларыңызға астық толып, еңбектеріңіз жемісті, жетістіктеріңіз толымды болсын!
Жітіқара ауданының
әкіміА.Жаныспаев