Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан тұрғындарымен кездесулеріміз басталды.
Өңірдегі жаңалықтар мен атқарылып жатқан жұмыстарды күнделікті әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырсыздар. Кездесу барысында есеп беруден гөрі тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау маңызды. Басқұншы, Атамекен, Бірлік, Үлкеншыған ауылдық округтерінде ауыл азаматтарын жеке қабылдап, тұрғындардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдадық.
Өздеріңіз білесіздер, 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Осы орайда баршаңызды сайлауға белсенді қатысуға шақырамын!