3 қараша күні аудан әкімі Жыңғылды мен Тұщыбектегі нысандарды аралады

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Рабочая поездкаАяқталды

    3 қараша күні аудан әкімі Жыңғылды мен Тұщыбектегі нысандарды аралады

    Маңғыстау ауданының әкімі Ерғали Скендиров ауылдарға жұмыс сапарымен барды.

    Жыңғылды ауылындағы уақытша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңының жай-күйі қаралып, жаңа полигон салу мәселесі талқыланды. Нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Ауылдағы Мәдениет үйінің қазіргі жағдайы зерделенді. Жаңа ғимарат салуға арналған құжаттама әзірленіп, түзетуден өткен. Е. Айшуақұлы атындағы орта мектептің, орталық саябақтың және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жай-күйі де назардан тыс қалмады.

    Тұщыбек ауылында әкімшілік пен дәрігерлік амбулатория ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мәселелері сөз болды. Аудан әкімі кітапхана жұмысымен танысып, тұрғындар үшін заманауи мәдени орталық салу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты. «Дария» мекемесіне қарасты ауылдық су тарату бөлімшесінің жұмысы және бұрын ауыз су көзі болған Қайнар бұлағының қазіргі жағдайы пысықталды.

    Жұмыс сапарының басты мақсаты – ауылдардың өзекті мәселелерін жергілікті жерде зерделеп, оларды шешудің нақты жолдарын айқындау.

    Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Ауылдардың дамуы – нақты істер мен жүйелі жұмыстың нәтижесі

    Ауылдардың дамуы – нақты істер мен жүйелі жұмыстың нәтижесі Аудан әкімі Ерғали Скендировтің төрағалығымен өткен аппараттық жиында Онды және Отпан ауылдық округтерінде биыл атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер қаралды. Онды ауылдық округі: абаттандыруға басымдық берілді 4 ойын алаңы жөнделіп, 9 ойын қалашығы мен 4 с...

    Рабочая поездкаАяқталды

    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ. Осы бағыттағы жұмыстарды қолдау мақсатында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасы Отпан ауылдық округіне демеушілік көмек көрсетті. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргіз...