Қазақстанда атаулы әлеуметтік қолдау тетіктері жетілдіріледі

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстанда атаулы әлеуметтік қолдау тетіктері жетілдіріледі
    ОтырысАяқталды

    Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда әлеуметтік саясатты қайта қарау және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

    Енді азаматтардың нақты мұқтаждығы ескеріле отырып, мемлекеттік көмек көрсету үшін отбасылардың материалдық жағдайын объективті түрде бағалауға баса назар аударылады. Осыған байланысты үй шаруашылықтарының табыстарын, мүліктері мен міндеттемелерін бағалау тәсілдерін өзгертуді көздейтін Отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесі пысықталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев атап өткендей, әдістемені жетілдіру кезінде бағалаудың жекелеген критерийлері қайта қаралды.

    «Атап айтқанда, ипотекалық қарыздарды қоса алғанда, кірістер мен несиелік міндеттемелерді бағалау тәсілдері өзгертілді. Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасының бар болуы мен олардың жай-күйі ескерілді. Бұл ретте біз зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан ауыл шаруашылығы техникасын есептен толығымен алып тастадық. Жеке кәсіпкерлік және заңды тұлғаның болуы ескерілмейді. Сондай-ақ ұсақ жер телімдері мен жеке қосалқы шаруашылықтың болуын назарға алмаймыз», — деп атап өтті министр.

    Оған қосымша отбасын асырауға арналған шығыстарды, кредиттік міндеттемелерді, сондай-ақ жалғыз асыраушының және жалғыз тұрғын үйдің болуына байланысты мән-жайларды есепке алу көзделеді.

    Сонымен қатар мемлекеттік органдардың 30 ақпараттық жүйесіне ревизия жүргізіледі, ал өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп жәрдемақы алушылардың материалдық жағдайын тексеру жүзеге асырылады. Бұл шаралар азаматтардың әл-ауқатын бағалаудың дәлдігін арттыруға және мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қобда ауданындағы «Үміт» отбасын қолдау орталығы жаңа ғимаратта жұмыс істеп жатыр

    Қобда ауданындағы «Үміт» отбасын қолдау орталығы жаңа ғимаратқа қоныстанып, жұмысын бастады. Орталықтың негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету, әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу, отбасылық құндылықтарды нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Мұнда ау...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жасанды интеллект Skills Enbek платформасында онлайн курстарды таңдауға көмектеседі

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби білім алуға арналған цифрлық қызметтерді жетілдіруді жалғастыруда. Skills Enbek платформасындағы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін чат-боттың мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді ол азаматтарға кәсіби тәжірибесі, бойындағы дағдылары мен мансаптық мақсаттарын...

    ОтырысАяқталды

    Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы сөзінің басында әлемде тұрақсыздық белең алған қазіргі кезеңде еліміз ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырып, дамудың жаңа кезеңіне нық қадам ба...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қызмет алушылар денсаулығы – назарда

    Қызмет алушылардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу – №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басты назарындағы маңызды міндеттердің бірі. Бүгін №7 қалалық емхананың қолдауымен орталық қызмет алушыларына арналған жылжымалы рентген автобусы ұйымдастырылып, флюорографиялық тексеру жүргізілді. Бұл шараның нег...

    ҚұттықтауАяқталды

    Ақтөбе облысында әлеуметтік қорғау саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді

    Елімізде жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бүгінде Ақтөбе облысында осы салада 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Олардың қатарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының, Еңбек мобильділігі, үйде қызмет көрсету бөлімдерінің, отбасын қолдау...

    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлері мен әріптестер!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әлеуметтік қорғау саласының әр маманы қоғамның әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге өз үлесін қосып келеді. Бұл – кәсіби біліктілікпен қат...

    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, қоғам алдында жауапты міндетті атқарып келесіздер. Күн сайын азаматтардың өтініштерін қарап, отбасыларға жәрдемдесесіздер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық танытасыздар. Сондай-ақ азаматтардың жұмы...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Бірқатар ақтөбелік ел алдындағы еңбегі мен көпжылдық адал қызметі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды

    Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі Өнер орталығында өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыстады. Құттықтау сөзінде өңір басшысы елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, мемлекеттің болашағы әр азаматтың бірлігіне, жауап...