Комитет төрағасы Ұлытау облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Орны
    Ұлытау
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Рабочая поездкаАяқталды

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И. В. Скуб жұмыс сапарымен «Ұлытау облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не барды.

    Сапар барысында И. В. Скуб арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың тұру жағдайларымен, стационарлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібімен, сондай-ақ мекеменің қызмет алушыларға тиісті күтім мен әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы жұмысымен танысты.

    Орталықта тұрақты күтім мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін мүгедектігі бар адамдар мен қарт азаматтар тұрады. Сапар барысында жайлы әрі қауіпсіз тұру жағдайларын қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, көрсетілетін қызметтердің сапасы және қызмет алушылардың күнделікті өмірін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар сапар аясында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар үшін лайықты тұрмыс жағдайларын қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін сақтау, сондай-ақ көрсетілетін көмектің сапасын арттыру халықты әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

    Ұқсас материалдар

    Іс - шараАяқталды

    «Еңбектеріңіз – адамға деген қамқорлықтың көрінісі»: Еңбек министрлігінде әлеуметтік қорғау саласының мамандары марапатталды

    Қазақстан Республикасы Республика күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғап, өмірдің қиын жағдайларына тап болған жандарға күн сайын қолдау көрсетіп жүрген мамандарға арналған салтанатты іс-шара өтті....

    БасқаАяқталды

    Формалды мәртебеге емес, отбасының нақты жағдайына қарай: Қызылорда облысында әлеуметтік қолдаудың жаңа тәртібі түсіндірілді

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындауда бұрынғы санаттарға бөлу тәсілінен бас тартып, отбасылардың нақты мұқтаждығын бағалауға көшу бойынша өңірлерде түсіндіру жұмыстарын бастады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-минист...

    КеңесАяқталды

    Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді

    Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында мемлекеттік әлеуметтік көмектің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетілуіне, сондай-ақ кәсіпорындардың азаматтардың еңбек құқықтарын қатаң сақтауын қамтамасыз етуге...

    БасқаАяқталды

    Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі

    Елімізде қазан айының екінші жексенбісінде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі. Бұл күн әр адамға тең мүмкіндік берудің, қолжетімді орта қалыптастырудың және әркімнің өз қабілетін дамытуына, өз бетінше шешім қабылдауына, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасаудың маңызын еске салады. Қазақстанда мүгедектіг...

    ФорумАяқталды

    Астанада еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған сараптамалық форум өтті

    Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырған сараптамалық форум өтті. Іс-шара барысында қатысушылар азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту және әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік...

    Іс - шараАяқталды

    Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты

    Елімізде Президенттің бастамасымен 2013 жылдан бері аталып өтетін Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, халықты жұмыспен қамту, кадрлар даярлау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ЖИ элементтері бар заманауи шешімдермен танысты. Онда жұмыспен қамтылмаған азама...

    Іс - шараАяқталды

    «Таза Қазақстан»: ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты

    Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты. Экологиялық акция аясында министрлік қызметкерлері жұмыс аумақтарында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүр...

    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен Корея азаматтарды EPS жүйесі арқылы жұмысқа орналастырудың мемлекеттік тетігін бекітті

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында еңбек көші-қоны саласында маңызды келісімге қол жеткізілді. Екі ел басшыларының келіссөздері қорытындысы бойынша екіжақты 13 құжатқа қол қойылды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік...