Қарапайым еңбек адамына жоғары мемлекеттік награда табысталды

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қарапайым еңбек адамына жоғары мемлекеттік награда табысталды
    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров денсаулық жағдайына байланысты Республика күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстау рәсіміне қатыса алмаған еңбек ардагері, Марат Үмбетовтің үйіне барып, оны Мемлекет басшысының атынан ұлттық мерекемен құттықтап, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін табыстады.

    Марат Үмбетов – қырық жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі дәнекерлеуші. Ол еңбек жолында өндіріс және мұнай-газ салаларында жұмыс істеп, кәсіби шеберлігін шыңдаған. 2021 жылы жол-көлік оқиғасына ұшырап, арбаға таңылғанына қарамастан, сүйікті кәсібінен қол үзген жоқ. Бүгінде үйінде түрлі жиһаздар мен бұйымдар жасап, дәнекерлеу ісін жалғастырып келеді.

    Кездесуде облыс әкімі жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы орнына тоқталып, адал еңбек пен кәсіби шеберліктің маңызын атап өтті.

    «Сіздің еңбек жолыңыз – өз ісіне адалдық пен табандылықтың үлгісі.
    2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланып, еңбек адамының мәртебесін көтеруге, техникалық және кәсіптік мамандықтардың беделін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Дегенмен, еңбек адамын ұлықтау бір жылмен шектелмейді. Өйткені ел экономикасының дамуы мен өндірістің өркендеуі өз ісін жетік меңгерген, жауапкершілігі жоғары жұмысшы мамандардың еңбегіне тікелей байланысты.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Сізге табысталған III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені – көп жылғы адал еңбегіңізге берілген лайықты баға. Бұл – Сіздің жеке еңбегіңізге ғана емес, ел дамуына үлес қосып жүрген жұмысшы мамандарына көрсетілген құрмет. Біз еңбек адамын бағалауды, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды және адал еңбекті ұлықтауды жалғастыра береміз», – деді Асхат Шахаров.

    Өз кезегінде марапат иесі Марат Үмбетов ризашылығын жеткізіп, елге амандық тіледі.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Бірқатар ақтөбелік ел алдындағы еңбегі мен көпжылдық адал қызметі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды

    Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі Өнер орталығында өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыстады. Құттықтау сөзінде өңір басшысы елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, мемлекеттің болашағы әр азаматтың бірлігіне, жауап...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

    Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді. Бұл ретте, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған...

    ЖәрмеңкеАяқталды

    Ақтөбе қаласында Республика күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

    Бүгін Облыстық еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Республика күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өндіріс және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін 15 ұйым мен кәсіпорын, соның ішінде №3 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті,...

    Іс - шараАяқталды

    Мейірім мен жанашырлық – мамандықтың мәні

    №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Республика күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева сала ардагерлері мен орталық ұжымын қос мерекемен құттықтап...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстанда қандай мамандарға сұраныс жоғары?

    Қазақстанда білікті мамандарға деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкес, кадр тапшылығы әсіресе денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ жекелеген жұмысшы, техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша байқалады. Сонымен...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жұмыспен қамту: нәтиже қандай?

    Ауданымызда жұмыспен қамту көрсеткіші жоспардан асып, 106 пайызға жетті. Жыл басынан бері 2379 адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, жаңадан ашылған мекемелерде 414 тұрғын еңбекке араласты. Бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі қандай? Осы және өзге де сауалдарға Хромтау аудандық «Мансап» орталығының д...

    ХабарландыруАяқталды

    Ақтөбе қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

    2026 жылғы 23 қазанда сағат 10:00-де, Некрасов көшесі, 112 мекенжайында Облыстық еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Республика күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараның басты мақсаты – жұмыс іздеушілерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, оларды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Кәсіп үйреніп, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды

    Жұмыссыз азаматтарды кәсіпке баулу, кәсіби әлеуетін арттыру және еңбекпен қамту – әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Алға аудандық Мансап орталығы тұрғындардың сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік жасап келеді. Мансап орталығы «Қасиет-АБИ» ЖШС-мен бірлесіп, 17 жұмыссыз азаматшаны қы...