ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
    КездесуАяқталды
    Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2026 жылдың 9 қазан күні Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Бидәлді Ербол Серікбайұлының ұйымдастыруымен қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Кездесуге Түркістан қаласының білім бөлімінің өкілі Абеева Жания Адылбековна және білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалар мен жеке меншік балабақша, мектеп өкілдері қатысты.
    Кездесу барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы, жұмыс берушілердің заңнамада көзделген міндеттері және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
    Қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиға орын алған жағдайда сақтандыру төлемдерін алу тәртібі, сақтандыру шартының талаптары және жұмыс берушінің жауапкершілігі жөнінде түсіндірме берілді.
    Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау қажеттігі атап өтілді.
    Мұндай түсіндіру жұмыстары жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеруге және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Департамент басшысының м.у.а. Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен Департаменттің 9 айда атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланған лездеме жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында есепті кезеңде атқарылған департамент тарапынан еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, азаматтардың еңбек...

    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ!

    АШЫҚ ЕСІК КҮНІ! ЕГЕРДЕ СІЗГЕ: – Еңбек демалысыңыз кестеге сәйкес берілмесе; – Жалақыңыз (зейнетақы жарналарыңыз бен тиісті әлеуметтік төлемдеріңіз) уақытылы немесе толық төленбесе; – Негізсіз тәртіптік жаза қолданылса; – Мереке, демалыс күндері заңсыз жұмысқа тартылсаңыз; – Үстеме жұмыстарға қосымша ақы төленбесе; –...

    ҚұттықтауАяқталды

    ҚАРТТАР КҮНІ: ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ІЗІ ЖАЛҒАСҚАН КҮН

    Қарттар – елдің өткенін бағамдап, бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, еңбекттің өнегесін ұрпаққа жеткізген аяулы жандар. Олардың өнегелі жолы мен еңбегі – кейінгі буын үшін баға жетпес мұра. Осыған байланысты, «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынш...

    ҚұттықтауАяқталды

    ЕҢБЕК - ЕЛДІҢ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ: ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ «ЕҢБЕК КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

    Құрметті еңбек адамдары, әріптестер және барша қазақстандықтар! Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбек – ел дамуының берік негізі. Еңбек құқығын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, лайықты еңбекке ақы төлеу, еңбек шартын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытын сақ...

    Іс - шараАяқталды

    ЕҢБЕК КҮНІ: ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА!

    Еңбек – қоғамның тұрақты дамуы мен ел экономикасының өркендеуінің негізгі тірегі. Еңбек адамының адал еңбегі мен кәсіби білімі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Осы ретте әрбір азаматтың еңбек ету құқығын қамтамасыз ету, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру және еңбек заңна...

    Іс - шараАяқталды

    ЕҢБЕК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВ «ЕҢБЕК – ЕЛ МҰРАТЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

    Елімізде Президенттің бастамасымен 2013 жылдан бері аталып өтетін Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, халықты жұмыспен қамту, кадрлар даярлау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ЖИ элементтері бар заманауи шешімдермен танысты. Онда жұмыспен қамтылмаған азама...

    СұхбатАяқталды

    БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ?

    Жұмыс берушілер қызметкерлерден қандай дағдылар мен талаптарды күтеді? Ал жұмыс іздеушілер үшін жұмыс таңдауда қандай факторлар маңызды? Еңбек нарығындағы негізгі үрдістер, жұмыс берушілер талаптарының өзгеруі және қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департамен...

    КеңесАяқталды

    АПТАЛЫҚ ЛЕЗДЕМЕ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

    Бүгін, Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен апталық лездеме жиналысын өткізді. Жиын барысында апта ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы тарқатылып, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүргізілген жұмыстар сараланды. Атап айтқанда, еңбек қауіпсіз...