
ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕНАУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘЛІМЕТ ҮШІН
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылғы 10 қазанында сағат 10.00 - де ZOOM режимінде аудандық мәслихатта сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс LVIII сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қаралымына келесі мәселелер енгізіледі:
1.Шортанды аудандық мәслихатының2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-37/2«Шортанды ауданының аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2.Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3.2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінекөтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook-те (Шортанды аудандық мәслихатында) өткізілетін болады.
Аудандық
мәслихаттың төрағасыГ. Сәдуақасова