
ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘЛІМЕТ ҮШІН
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылғы 25 маусымында сағат 10.00 - де ZOOM режимінде аудандық мәслихатта сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қаралымына келесі мәселелер енгізіледі:
1. «Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 8С-48/3 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» өзгеріс енгізу туралы» және тағы басқалары.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook-те (Шортанды аудандық мәслихатында) өткізілетін болады.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова