
Баспасөз- парағы
2026 жылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп 1 217 427 бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілі.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,5 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары (496 065 бас ірі қара, 3 810 851 бас ұсақ мал, 4 319 бас шошқа, 223 738 бас жылқы, 9 718 бас түйе малы, 4 556 бас тақ тұяқтылар) тіркелген.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2026 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалуда. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 10,3 млн. манипуляция, диагностика бойынша 4,2 млн. манипуляция жүргізілді.