«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ
    КездесуАяқталды

    🔷 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен №3 қалалық емханада «Қызмет алушылар күні» жобасы аясында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіруге бағытталған іс-шара өткізілді.

    🔷 Іс-шараға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Б.Е. Әшімов және Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы С.И. Сапабекова қатысты.

    🔷 Кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    🔷 Сонымен қатар, Департамент өкілдері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті кеңестер берді.

    🔷 Іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың мемлекеттік қызметтер туралы хабардарлығын арттыру, қызмет алу тәртібін түсіндіру және халықпен тікелей кері байланысты қамтамасыз ету.

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    Тілдер күні мерекесі мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін атап өтуге арналған іс-шара

    КездесуАяқталды

    Семей полигоны ардагерлерімен әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

    2026 жылғы 02 маусымда Ақтөбе облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Г.С. Турсунбаевтың төрағалығымен Ақтөбе облысының және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, Ақтөбе облысының Қорғаныс істері департаментінің өкі...