«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    🔷 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен №3 қалалық емханада «Қызмет алушылар күні» жобасы аясында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіруге бағытталған іс-шара өткізілді.

    🔷 Іс-шараға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Б.Е. Әшімов және Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы С.И. Сапабекова қатысты.

    🔷 Кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    🔷 Сонымен қатар, Департамент өкілдері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті кеңестер берді.

    🔷 Іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың мемлекеттік қызметтер туралы хабардарлығын арттыру, қызмет алу тәртібін түсіндіру және халықпен тікелей кері байланысты қамтамасыз ету.

    Ұқсас материалдар

    Послание ПрезидентаАяқталды

    ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ

    2026 жылы 28 қазанда Департамент ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдады. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қолдау және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы маңызды міндеттерге назар аударылды....

    БасқаАяқталды

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ!

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұжымы кезекті сенбілікке қатысты.Сенбілік барысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, аумақты ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарына ерекше назар...

    Дөңгелек үстелАяқталды

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – БАСТЫ ҚАҒИДА

    29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисеновтің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті. Жиынға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау коми...

    ОтырысАяқталды

    Тілдер күні мерекесі мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін атап өтуге арналған іс-шара

    КездесуАяқталды

    Семей полигоны ардагерлерімен әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

    2026 жылғы 02 маусымда Ақтөбе облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Г.С. Турсунбаевтың төрағалығымен Ақтөбе облысының және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, Ақтөбе облысының Қорғаныс істері департаментінің өкі...