
Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиынның басты мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету, заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндіру және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерге тікелей жауап беру.
Жиын барысында Әділет департаментінің мамандары тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, заң аясында кеңестер берді.