Асхат Шахаров Қарттар күніне орай еңбек ардагерлерін құттықтады

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Асхат Шахаров Қарттар күніне орай еңбек ардагерлерін құттықтады
    КездесуАяқталды

    Қарттар күніне орай облыс әкімі Асхат Шахаров еңбек ардагерлерінің шаңырағына сәлем бере барып, мерекемен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

    Белгілі журналист, өлкетанушы әрі зерттеуші Идош Асқар Мұсақұлұлы Ойыл ауданының Ш.Берсиев ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ды тәмамдаған. «Алға», «Ойыл» аудандық газеттерінде, Ақтөбе облыстық телеарнасында, Ойыл аудандық партия комитетінде қызмет атқарған. «Ақтөбе» облыстық газетінде тілші қызметінен бастап, редакторлыққа дейінгі жолды жүріп өтті.

    Ол – «Ақтөбе» энциклопедиясын жарыққа шығаруға атсалысқан азаматтардың бірі. Мақалалары туған өлкенің тарихы мен тыныс-тіршілігі, табиғатты қорғау, ауыл шаруашылығы, адамгершілік пен рухани құндылықтар мәселелеріне арналған. Әсіресе, аты аңызға айналған тары өсіруші Шығанақ Берсиевтің өмірі мен еңбек жолын зерттеуге айырықша мән берген.

    Кездесуде Асхат Шахаров ардагердің естеліктерін қызығушылықпен тыңдап, оның журналистикадағы көпжылғы еңбегі, Ақтөбе облысының тарихы және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар туралы әңгімелесті.

    «Асқар Мұсақұлұлы, Сіз ғұмырыңызды сөз өнері мен журналистикаға, туған өлкенің дамуына арнадыңыз. Сіздің көпжылғы еңбегіңіз – облысымыздың тарихының ажырамас бөлігі. Сіз секілді азаматтардың арқасында көрнекті жерлестеріміздің өнегелі өмірі, ауылдарымыздың тарихы мен халқымыздың салт-дәстүрі сақталып келеді. Сізге зор денсаулық, жан тыныштығын, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрдайым жаныңыздан туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыз табылып, мол өмірлік және кәсіби тәжірибеңіз жас ұрпаққа үлгі бола берсін», – деді облыс әкімі.

    Сондай-ақ аймақ басшысы 91 жастағы Надежда Николаевна Соколованы да құттықтады.

    Әжей «Әуежөндеу» АҚ зауытында қырық жылдан астам уақыт өндірістік бақылау маманы болып еңбек етті, зейнет демалысына шыққан. Еңбек майданының қатысушысы.

    «Надежда Николаевна, бүгін біз Сізге жай ғана мерекемен құттықтайық деп емес, ең алдымен ерен еңбегіңіз бен еліміздің дамуына қосқан үлесіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіру үшін келдік. Сіз және Сіздің замандастарыңыз күрделі кезеңдерді бастан өткеріп, ерен еңбектеріңізбен Жеңісті жақындаттыңыздар, сондай-ақ туған өлкенің өркендеуіне өлшеусіз үлес қостыңыздар. Сізге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілеймін!» – деді Асхат Шахаров.

    Кездесулерде аймақ басшысы аға буынға қамқорлық жасау өңірдің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруға, «Адал азамат» құндылығын қалыптастыруға ерекше мән беріп келеді. Бұл құндылықтарды дәріптеуде аға буынның орны айырықша. Себебі үлкенді құрметтеу, еңбекке адал болу, елге қызмет ету, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсету – халқымыздың дәстүрлі құндылықтарымен сабақтасып жатқан ұстанымдар. Біздің ардагерлеріміз бен аға буын өкілдері – тарих, даналық пен рухани құндылықтарымыздың сақтаушылары. Сондықтан олардың еңбегін әрдайым есте сақтап, өмір жолын құрметтеп, қамқорлық көрсету – біздің парызымыз. Біз жасай алатын ең маңызды дүние – оларға риясыз алғысымызды білдіру, құрметімізді көрсету және барында бағалай білу», – деді Асхат Шахаров.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдарға қолдау: жаңа мүмкіндіктер мен қызметтер

    Облыста мүгедектігі бар адамдарды қолдауға және олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасауға бағытталған тиісті шаралар жүзеге асырылуда. ​Абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен...

    КездесуАяқталды

    Әдеп нормаларын сақтау жөнінде жиын өтті

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисеновтің төрағалығымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкер...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбе облысындағы әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу 2 қазаннан басталады

    Өңірдің алдағы жылу беру маусымына дайындығы мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңді тұрақты өткізу үшін қажетті негізгі жұмыстар орындалған. Жылу, электр, су құбыры...

    ЖаңалықтарАяқталды

    АҚТӨБЕДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МҮМКІНДІГІ КЕҢЕЙДІ

    Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарын тек беру емес, олардың техникалық жағдайын тексеру және қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Биыл бұл бағыттағы жұмыс кеңейтілді. Жобаға қатысатын азаматтарға Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының мамандары SMS арқылы хабарлама...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбеде 100 бала «Қамқорлық» орталығында арнайы қолдау алып жүр

    Ақтөбеде менталды бұзушылықтары бар мүгедектігі бар балаларға арналған «Қамқорлық» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 100 балаға арнайы қолдау көрсетіп отыр. Орталық 2024 жылы ашылған. 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетіледі. Қазір орталыққа 100 бала екі ауысым...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Еңбекпен елге үлгі болған ақтөбеліктер Елорда төрінде марапатталды

    Маңдай термен маңайына береке дарытып, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан еңбек адамдары Елорда төрінде ұлықталды. Еңбек күні қарсаңында 30, 40, тіпті 50 жылдан астам ғұмырын сүйікті кәсібіне арнаған мамандарға мемлекеттік наградалар табысталды. Құрметке бөленгендердің қатарында Ақтөбенің абыройын арқалап барған еңбек оза...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Инвестициялар, инфрақұрылым, әлеуметтік сала: Асхат Шахаров облыстық мәслихат депутаттарына есеп берді.

    Ақтөбе облыстық мәслихатының XXVII сессиясы бір минуттық үнсіздікпен басталды. Депутаттар мен жиынға қатысушылар Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды. Оқу-жаттығу кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 25...

    ЖәрмеңкеАяқталды

    Ақтөбеде 20-дан астам жұмыс беруші 180-нен астам бос жұмыс орнын ұсынды

    Ақтөбе қаласында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Облыстық еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат беру, сондай-ақ оларды өңірдегі жұмыс берушілермен...