
Баршаңызды 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекелерінің бірі. Бұл күн ерекше мән-мағынаға ие. Халқымыз үшін елдік пен егемендіктен асқан байлық жоқ.
Азаттықтың арқасында Қазақстанда татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім орнады. Тәуелсіздік жылдары жарқынжетістіктерге қол жеткізіп, мемлекеттігіміз нығая түсті. Шекарамызбекітіліп, қаржы-экономикалық көрсеткіштеріміз қарқынды дамыды.
16 желтоқсан – ұлтымызды ұйыстыратын, жұртымызды жұмылдыратын, абыройымызды асқақтататын мәртебесі биік мейрам.
Осынау мерекеде сіздергезор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт, қызметтетолайым табыс тілеймін!
Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, туымыз тұғырлы болсын!