Балалардың терезеден құлауына жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Балалардың терезеден құлауына жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар
    БрифингАяқталды

    Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен, Полиция департаментімен және «Астана-жастары», «QANAT», «ЛИДЕР» волонтёрлік ұйымдарымен бірлесіп «Қауіпсіз терезе» ауқымды профилактикалық акциялары өткізілді.

    Айта кететіні, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ағымдағы жылдың басынан бері көппәтерлі тұрғын үйлерде 500 -ден астам аралау жүргізіп, ақпараттық стендтерге 13 000 -нан астам жадынама орналастырды, 17 000 тұрғынды қамти отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік әлсіз отбасылардың пәтерлеріндегі терезелерге 1 700 қауіпсіздік құлпы орнатылды.

    110 білім беру объектісінде 6 000 -нан астам оқушыны қамтумен дәрістер, 100 балабақшада, мектеп жанындағы лагерьлерде сабақтар өткізілді, Whatsapp мессенджеріндегі ата-аналар чаттары, сондай-ақ МҮБ (ОСИ) және ПИК (КСК) чаттары бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.

    Ағымдағы жылдың 4-10 қыркүйек аралығында мектепке дейінгі мекемелерде қосымша акция өткізілді: қаланың әрбір ауданындағы балабақшаларда 150-ге жуық бұғаттағыш блокиратор орнатылды.

    Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

    Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерді ескертіп, қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салады:

    - егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыздар, себебі бір сәтке ғана назардан тыс қалдыру баланың өміріндегі соңғы сәт болуы немесе оны өмір бойына мүгедек етуі мүмкін;

    - балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, әсіресе олар терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнап жүрген жағдайда;

    - москит торларын тиісті қорғаныс құралдарынсыз пайдаланбаңыздар, себебі балалар оларды сенімді тірек ретінде қабылдап, сүйенуі мүмкін, ал нәтижесінде торымен бірге сыртқа құлап кетуі ықтимал;

    - терезелерге баланың өздігінен ашуына жол бермейтін қауіпсіздік құлыптарын (блокираторларды) орнатыңыздар;

    - баланың терезе алдына шығып кетуіне жол бермеу үшін жиһазды терезеге жақын орналастырмаңыздар.

    Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

    Терезелерге қорғаныш құралдарын орнату, балаларды қараусыз қалдырмау және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

    ТЖ профилактикасы

    Ұқсас материалдар

    БрифингАяқталды

    Астанадағы шомылу маусымының қорытындысы

    Астанада 2026 жылғы шомылу маусымы 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасты. Осы кезеңде қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен, 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмы...

    БрифингАяқталды

    Балалардың терезеден құлауы: Астанада бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

    Жыл сайын көктем-жаз маусымының басталуымен балалардың терезеден құлау фактілері тіркеледі. Терезелердің жиі ашылуы, балалардың қараусыз қалуы және қауіпсіздік шараларының сақталмауы қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Астана қаласының Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласының Төтенше жағдайлар д...

    БрифингАяқталды

    Баспасөз конференциясы: Азаматтық қорғаныс айлығының өтуі туралы

    Всемирный день гражданской обороны ежегодно отмечается 1 марта. Эта дата связана с созданием Международной организации гражданской обороны — структуры, объединяющей государства мира в целях защиты населения от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера. История организации началась в 1931 году по инициат...

    БрифингАяқталды

    Өрт қауіпсіздігінің алдын алу: құтқарушылар астаналықтарға үндеу жасады

    Астанада жыл басынан бері 818 өрт оқиғасы тіркелді. Жеке секторда 327 өрт оқиғасының болуы тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау маңызды екенін көрсетеді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Баба...

    ВыступлениеАяқталды

    Елордадағы тұрғын секторда жылу беру маусымындағы өрт жағдайы туралы брифинг

    Астана қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Елорданың тұрғын үйлеріндегі өрт жағдайы туралы» тақырыбында брифинг өтті. Шараға Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Бабаев қатысып, елордадағы өрт жағдайына қатысты өзекті мәліметтермен бөлісті. Ағымдағы жылдың бас...