Елордадағы тұрғын секторда жылу беру маусымындағы өрт жағдайы туралы брифинг

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Елордадағы тұрғын секторда жылу беру маусымындағы өрт жағдайы туралы брифинг
    ВыступлениеАяқталды

    Астана қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Елорданың тұрғын үйлеріндегі өрт жағдайы туралы» тақырыбында брифинг өтті. Шараға Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Бабаев қатысып, елордадағы өрт жағдайына қатысты өзекті мәліметтермен бөлісті.

    Ағымдағы жылдың басынан Елорда аумағында 738 өрт оқиғасы тіркелді, өкінішке орай, 9 адам қаза тауып, 20 адам түрлі жарақат алды. 738 өрттің 302 өрт оқиғасы немесе жалпы өрттің 41 пайызы тұрғын үй секторында орын алған.

    Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алғандықтан, жылу беру маусымы кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі ерекше назарда.

    2025-2026 жылғы жылу беру маусымы басталғалы бері Елордадағы тұрғын үй секторында 20 өрт оқиғасы тіркеліп, 2 қайғылы жағдай орын алды. ( өткен жылы - 19).

    Көміртегі тотығымен улану фактілері тіркелген жоқ.

    Жылу беру маусымы кезеңінде төтенше жағдайлар мен адам шығынына жол бермеу мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша халықпен ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

    Қазіргі таңда Елорда аумағында 31 мыңға жуық жеке тұрғын үй бар, олардың 22 000-ға жуығы қатты отынмен пеш арқылы жылытылады, ал 9000-ға жуық тұрғын үй орталық газбен жабдықтау желісіне қосылған.

    Астана қаласы бойынша 1738 тұрмысы нашар, әлеуметтік бейімделмеген осал топтары тұратын отбасылар есепке алынды. Жылу беру маусымы басталғанға дейін жергілікті атқару органдары, ішкі істер органдары және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметкерлерін тарта отырып, аталған әлеуметтік осал топқа жатқызылған жағдайы төмен отбасылырдың тұрғын үйлері 100 пайыз толық араланып, өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.

    Өрттердің алдын алу және олардың санын азайту мақсатында Департамент қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 22 қазаны мен 22 қарашасы аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» Республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

    Құтқарушылар бірінші кезекте- тұрмысы нашар отбасылар мен әлеуметтік бейімделмеген осал топтары тұратын азаматтардың тұрғын үйлерін қайта аралап, тұрғын үйде жылыту аспаптары мен пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруде.

    Қазіргі таңда, жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлері және еріктілерді тарта отырып 75 рейдтік іс-шара өткізілді. Іс шара барысында 9500 жеке тұрғын үй араланып, 15000 ға жуық адамға өрт қауіпсіздігі ережері түсіндірілді. Аралау кезінде 9 000-ға жуық өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталып, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс хат жолднды. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына 326 улы газ анықтайтын датчик орнатылды. Соңғы төрт жылда барлығы 3000-ға датчик орнатылған.

    Құрметті тұрғындар!

    Қыс мезгілінің басталуына байланысты пештер мен электр жылытқыштарды белсенді пайдалану кезеңінде әрбір азаматтың қауіпсіздік ережелерін сақтауы аса маңызды.

    Сондықтан:

    Жылу беру маусымы басталғанға дейін пеш пен мұржаның жарамдылығын тексеріңіз;

    Мұржаларды күйеден үнемі тазалаңыз;

    Пеш пен қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;

    Үйде жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды қолданбаңыз;

    Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қоспаңыз;

    Өрт оқиғасы орын алған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

    Сонымен қатар тұрғындарды өз үйлерінің қысқы кезеңге дайындығына мұқият болуға шақырамын.

    Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар - олардың қауіпсіздігі әрбіріміздің ортақ жауапкершілігіміз!

    ТЖ профилактикасы

    Ұқсас материалдар

    БрифингАяқталды

    Балалардың терезеден құлауы: Астанада бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

    Жыл сайын көктем-жаз маусымының басталуымен балалардың терезеден құлау фактілері тіркеледі. Терезелердің жиі ашылуы, балалардың қараусыз қалуы және қауіпсіздік шараларының сақталмауы қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Астана қаласының Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласының Төтенше жағдайлар д...

    БрифингАяқталды

    Баспасөз конференциясы: Азаматтық қорғаныс айлығының өтуі туралы

    Всемирный день гражданской обороны ежегодно отмечается 1 марта. Эта дата связана с созданием Международной организации гражданской обороны — структуры, объединяющей государства мира в целях защиты населения от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера. История организации началась в 1931 году по инициат...

    БрифингАяқталды

    Өрт қауіпсіздігінің алдын алу: құтқарушылар астаналықтарға үндеу жасады

    Астанада жыл басынан бері 818 өрт оқиғасы тіркелді. Жеке секторда 327 өрт оқиғасының болуы тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау маңызды екенін көрсетеді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Баба...