ХАБАРЛАНДЫРУ

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХАБАРЛАНДЫРУ
    КонкурсАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ
    «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік
    мекемесі Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу
    құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік
    коммуналдық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға
    конкурс жариялайды.
    Мекеменің атауы: Қызылорда облысының энергетика және
    тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық
    жүргізу құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
    Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы,
    индексі 120009, Қызылорда қаласы, Марал ишан көшесі, 1.
    Лауазымдық міндеттері. Заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің
    қаржылық - шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын
    шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің
    сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, ұйымның
    өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне
    басшылық жасайды. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және
    оны іске асыру механизмін айқындайды. Басқа ұйымдармен немесе
    заңды тұлғалармен шарттар, келісімшарттар, операциялар жасайды,
    өкімдер мен бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның
    атынан өкілдік етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын
    және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және
    нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін
    жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден
    қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді
    дамыту мен жетілдіруге бағыттайды. Ұйым жұмысының тиімділігін
    арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы
    ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасын және
    бәсекеге қабілеттілігін, отандық және шетелдік нарықтарды жаулап
    алу мақсатында олардың мемлекеттік және жоғары дамыған
    елдердің, озық компаниялардың стандарттарына сай келуін
    қамтамасыз етеді. Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы
    зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім жеткізушілер,
    тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда,
    кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық
    және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) және индикативті
    жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын
    қамтамасыз етеді. Өнімнің (қызметтердің) техникалық деңгейін
    және сапасын, өндіріс қарқындылығын, еңбек өнімділігін,
    экономикалық тиімділігін арттыру, өндірістік резервтерді тиімді
    пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау
    мақсатында жаңа техниканы және жаңа технологияны, басқару мен
    еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын, материалдық,
    қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негізделген
    нормативтерін кеңінен пайдалану, нарықтық конъюнктураны және
    озық тәжірибені (отандық және шетелдік) зерделеу негізінде
    өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады. Кәсіпорынды
    білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен
    тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы
    үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған
    ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда
    қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар
    қабылдайды. Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің
    үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді,
    өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық
    көтермелеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары
    негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек
    және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорын
    жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек ынталылығын,
    бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Кәсіпорынның
    қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне
    қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар
    шегінде шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға – директорлардың
    орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен
    филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік
    бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын
    жүргізуді тапсырады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде және
    оның шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге
    асыруында заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық
    басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың
    пайдаланылуын қамтамасыз етеді, шарттық және қаржылық
    тәртіптерді нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу,
    бизнесті (кәсіпкерлік қызметке) қолдау көрсету мен ауқымын
    кеңейту мақсатында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын
    қамтамасыз етеді. Сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және
    басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және басқа да
    мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.
    Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
    1) біліктілік талаптарына сәйкес, техникалық жоғары білімінің
    болуы;
    2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен
    экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес
    кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда
    мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы;
    3) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын кәсіпорынның
    басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша
    жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, философия докторы (PhD), бейіні
    бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі
    болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.
    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы
    хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды
    ұсынады:
    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
    3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
    4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының
    көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және
    еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
    6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық
    құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
    Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы
    23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
    мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген
    нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби
    даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін
    арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы
    жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
    Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы
    жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде
    «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
    шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде,
    Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1, Облыс
    әкімдігінің ғимараты, 4 қабат, №404 бөлме мекенжайда қабылданады.
    Анықтама үшін телефоны: 8 (7242) 60-53-94, электронды мекенжайы
    [email protected].
    Конкурс өткізу орны: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Cұлтан
    көшесі, құрылыс 1, Облыс әкімдігінің ғимараты, 4 қабат, № 404
    бөлме.
    Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға барлық
    талаптарға сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау
    аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған
    тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
    Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия
    хаттамасымен бекітіледі.
    Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен
    кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды
    зерделейді және күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн
    жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң
    барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен
    жүргiзедi.

    Ұқсас материалдар

    БасқаАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    “Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы” КММ, “Қызылордажылуэлектрорталығы” МКК және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-да “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    Рабочая поездкаАяқталды

    Қызылорда командасы «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогы – 2026» турнирінде жүлделі III орын иеленді

    Қызылорда командасы «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогы – 2026» турнирінде жүлделі III орын иеленді «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогы – 2026» турнирінде Қызылорда өңірінің намысын абыроймен қорғап жүрген қызметкерлер іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, келесі айналымдарға жолдама алып, нәтижесінде жүл...

    21 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шарушылық басқармасының басшысы Усаин Медет партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізеді. ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ (Ы. ЖАҚАЕВ №2, ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА ОРНАЛАСҚАН ҒИМАРАТ) ӨТКІЗІЛЕТІН УАҚЫТЫ: 2026 ЖЫЛҒЫ 12 НАУРЫЗ, САҒАТ...

    12 наурыз 2026 ж.Тікелей
    "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ (Ы. ЖАҚАЕВ №2, ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА ОРНАЛАСҚАН ҒИМАРАТ)
    ХабарландыруАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Респбликасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2...

    27 қараша 2025 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Респбликасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2...

    27 қараша 2025 ж.Тікелей