Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен
қала халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 24 қыркүйек сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, №10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
2. Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
3. Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
4. Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
5. Тұран ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
6. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы;
7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
8. «Шымкент қаласының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 20/173-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
9. «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
10. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 35/320-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
11. «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/287-VIII шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
12. «Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1/5-VIII шешiмiне өзгеріс енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады.
Шымкент қаласымәслихатының төрағасы М. Жолдыхожаев
Орынд. А.Мырзабеков
Тел. 8 (7252) 24-74-06
Maslihat_shm@mail.ru